РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДА КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЛЕЛІ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДА КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЛЕЛІ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДА КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЛЕЛІ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Балабиев Арыста құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция өкілдерімен бірге Арыс гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында елдегі конституциялық өзгерістердің бағыты, олардың қоғамдық-саяси жүйеге ықпалы және алдағы жалпыхалықтық референдумның мәні кеңінен әңгіме болды. Мәжіліс депутаты жиынға қатысушыларға реформалардың негізгі мақсат-міндеттерін түсіндіріп, заңнамалық жаңартулардың мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге арналғанын атап өтті.

Қ.Балабиев жүргізіліп жатқан өзгерістер құқықтық тетіктерді жетілдіруге, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың мүддесін қорғауды нақтылай түсуге бағытталғанын айтты.

Кездесуде коалиция мүшесі ретінде қалалық мәслихат төрағасы Қ. Ахметов сөз сөйлеп, саяси жаңғыру кезеңінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы жоғары екенін, ашық диалог алаңына тарту - саналы азаматтық ұстанымды қалыптастырудың тиімді жолы екенін айтты.

Колледж қызметкерлері конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және білім беру саласына ықпалы, құқықтық кепілдіктер мен қоғамдық бақылау мәселелері төңірегінде сұрақтар қойды. Мәжіліс депутаты әр сауалға жеке тоқталып, қолданыстағы және ұсынылатын нормалардың практикалық қырларын түсіндіріп берді.

Кездесу соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, келе жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысатындарын жеткізді.