Арыс қалалық мәслихаты хабарлайды

Арыс қалалық мәслихаты хабарлайды

Арыс қалалық мәслихаты хабарлайды

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты кейбір сайлау комиссияларының құрамынан жеке мүшелерінің шығуына байланысты аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 10.12.2025 жылғы №73 хатына орай, төмендегі сайлау комиссия мүшелері Сайлау туралы Заңының  19 бап 6 тармағына сәйкес өз міндеттерінен босатылған:

Аумақтық сайлау комиссиясында 2 орын («ЖСДП», «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» өкілдері);

№6 округтік сайлау комиссиясында 1 орын («АMANAT» партиясының өкілі);

№2 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлері, қайта өңдеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағының»  өкілі);

№5 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілі);

№6 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («АMANAT» партиясының өкілі);

№13 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын, («ЖСДП» өкілі);

        №17 учаскелік сайлау комиссиясында 5 орын, («АMANAT», «ЖСДП»,

«Ауыл», «ҚХП» партиялары, «Түркістан облысы агроөнеркәсіптік еңбеккерлері, қайта өндеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері);

        №22 учаскелік сайлау комиссиясында 2 орын, («Ауыл» партиясы, «Түркістан облысы агроөнеркәсіптік еңбеккерлері, қайта өндеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері);

        №23 учаскелік сайлау комиссиясында 5 орын, («АMANAT», «ҚХП» партиялары, «Әйелдер кеңесі», («Ардагерлер ұйымы», «Түркістан облысы агроөнеркәсіптік еңбеккерлері, қайта өндеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері);

        №28 учаскелік сайлау комиссиясында 3 орын, «ЖСДП», («Ауыл» партиялары, «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері);

№33 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («АMANAT» партиясының өкілі).

Жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына мүшелері шығып кеткен немесе өкілдері жоқ саяси партиялардан, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныстар Арыс қалалық мәслихатына қабылданады.

 

р/с

Сайлау

комиссияның

атауы

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

Сайлау комиссияларының қайта сайланатын мүшелерінің саны

1.

Арыс қалалық аумақтық сайлау омиссиясы

Арыс қаласы, Ергөбек көшесі 178, Ергөбек мәдениет үйі

2

2.

№6 округтік сайлау комиссиясы

Арыс қ., Ө.Жәнібеков көшесі №17Б, №3 БЖСМ ғимараты

1

3.

№2 учаскелік сайлау комиссиясы

М.Әуезов көшесі №25 үй, «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

1

4.

№5 учаскелік сайлау комиссиясы

М. Дулатов көшесі №97 үй, «№17 колледж» МКҚК

1

5.

№6 учаскелік сайлау комиссиясы

О.Байдәулетов көшесі №1 үй, «№2 бастауыш мектебі» КММ

1

6.

№13 учаскелік сайлау комиссиясы

Ж.Әсілбеков көшесі №4 үй, «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

7.

№17 учаскелік сайлау комиссиясы

Арыс қаласы, Онтам мөлтек ауданы, Беткей көшесі №23 үй  «Ынтымақ шағын жинақталған бастауыш мектебі» КММ

5

8.

№22 учаскелік сайлау комиссиясы

Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы Қазақстан көшесі №43 «Қабылсай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2

9.

№23 учаскелік сайлау комиссиясы

Ақдала ауылдық округі, Ақдала ауылы М.Мақатаев көшесі №28 «С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

5

10.

№28 учаскелік сайлау комиссиясы

Байырқұм ауылдық округі, Байырқұм ауылы Тұрғынбаев көшесі №32 үй, «М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

3

11.

№33 учаскелік сайлау комиссиясы

Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай ауылы №1 көшесі, «№5  М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері.

2026 жылғы 10  қаңтардан  бастап 26 қаңтар аралығында Арыс қалалық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;
  • саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық   

    бөлімшелерінің әділет  органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы

    белгіленген  нысандағы өтініші.

Өтініштің нысандары Арыс қалалық мәслихатының  ресми сайтында 

орналастырылған. (maslihat-arys.gov.kz).

         Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі  тиіс.

        Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау  комиссиясы  құрамын құратын мәслихат орналасқан   әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына  жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. (19 бап).

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау  дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00- ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс 13.00 ден 15.00-ге дейін.

         Ұсыныстар 2026 жылғы 26 қаңтар күні сағат 19.00-ге дейін қабылданады.

     Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы - Арыс қалалық  мәслихатының    төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері : Арыс қаласы Әл-Фараби көшесі 3 үй.

Жауапты Ботабаев Заңғар Жамбырбайұлы-Арыс қалалық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің  бас маманы,  қызметтік тел 2-01-77, электрондық пошта z.botabaev@ontustik.gov.kz