ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың желтоқсан айының 26 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс қаласы әкім орынбасары Р.Айтбаев, Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Қала бюджетінің жоспар бойынша атқарылуы туралы есебі»
  2. «Арыс қаласының санитарлық эпидемиологиялық бақылау мекемесінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі»

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі.