
АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXXXI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2025 жылы 23 желтоқсан күні сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмысына қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 13 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», Арыс қаласының «2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы», Қалалық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі, «Арыс қалалық мәслихатының грамотасымен» марапаттау жөніндегі отырыстың шешімдерін бекіту, Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына келісім беру, Арыс қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы шешім жобалары қаралып бекітілді. Одан бөлек, Арыс қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тілеп, халық қалаулыларына алғыс білдірді.