ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 2025 жылдың қараша айының 28 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс қаласы әкім орынбасары Р.Айтбаев, Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Арыс қаласының Ішкі саясат бөлімінің 2025 жыл үшін жоспарланған жұмыстарын іске асыру туралы есебі»
  2. «Кәсіпкерлік бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы»
  3. «Ауылдық округтерде күзгі жиын терім маусымының орындалуы және «Алтын күз» мерекесіне жоспарлары туралы»
  4. «Арыс санаториясының 2025 жылы халыққа көрсеткен қызметі туралы есебі»

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды. Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі.