
Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
6 қараша 2025 жылы Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVІІІ-сессиясы өтті.
Сессияны қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді.
Сессия жұмысына Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов, Ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
Арыс қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы», Арыс қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, Түркістан облысының ономастикалық комиссияның қарауына Ақдала, Дермене, Жиделі және Қожатоғай ауылдық округтеріндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы, «Б» корпусы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді мұқият қарап, өз пікірлерін білдіріп, нақты сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Жиын соңында мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан халық қалаулыларына алғысын білдірді.