Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

 21 қазан 2025 жылы Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVІІ-сессиясы өтті.

Сессияны қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді.

Сессия жұмысына Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов, Арыс қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Б.Тульбасиев, Арыс қаласының ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Тұрсымбеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде:

Арыс қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қаласының әкімдігі жанындағы  құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы», Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қаласы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісінше әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді мұқият қарап, өз пікірлерін білдіріп, нақты сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Жиын соңында мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан халық қалаулыларына алғысын білдірді.