ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, №7 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихатының депутаты Төлебеков Маханбет Шалқарұлы өз сайлаушыларымен кездесу өткізеді.
Тұрғындармен кездесу 07.10.2025ж. сағат 11-00-де Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай елді мекеніндегі «Қабылсай» атындағы жалпы орта мектебінде, 07.10.2025ж. сағат 12-00-де Шағыр елді мекеніндегі А.Тілеубердин жалпы білім беретін орта мектебінде, 07.10.2025ж. сағат 14-00-де Монтайтас ауылындағы мәдениет үйінде өз сайлаушыларымен кездесу өткізілетінін хабарлаймыз. Барша сайлаушыларды кездесуге шақырамыз.