Мәслихат депутаты А.Шүкірбеков өз сайлаушыларымен кездесу өткізді.
Қалалық мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасайды және бекітілген кестеге сәйкес кездесулер өткізіп отырады.
Бүгін 30.09.2025 жылы №2 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихатының депутаты Шүкірбеков Алмас Момынұлы Арыс қаласы №376 мектептің акт залында халықпен кезекті кездесуін өткізді.
Кездесуге Арыс қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Ахметов, қалалық мәслихат депутаты Б.Ділдәбеков, ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Сатыбалды, Қ.Жабақ, ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің бас маманы А.Тұрдалы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, №2 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихатының депутаты А.Шүкірбеков өз сайлаушыларына атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алда атқарылуы тиіс жұмыстарымен таныстырды.
Кездесу барысында газ мәселесі, қоқыс контейнерін көбейту, ойын алаңшасын салып беру, автобустың жүру бағытын өзгерту және т.б. сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Жиын соңында мәслихат депутаты А.Шүкірбеков айтылған ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынатындығын және жергілікті атқарушы органға депутаттық сауал ретінде жолдайтынын жеткізді.
Жиынға қатысушы тұрғындар кездесуге оң бағаларын беріп, мәслихат депутаты А.Шүкірбековтің жұмысына сәттілік тілеп, тарқасты.