АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 36 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 29 қыркүйек күні сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмысына қала әкімі Қ.Маңқараев, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді. Күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Сессияда Арыс қаласының 2025-2026 жылғы қысқа дайындық жұмысы бойынша қала әкімдігінің есебі, Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi, Арыс қаласы ауыл округтері әкімдері, Арыс қаласының Құрылыс бөлiмi, Арыс қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы барысы бойынша Арыс қаласының Ішкі саясат бөлімі басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселенің бірі Қала әкiмiнiң өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындау жөнiндегi есебi болды. Одан бөлек, Арыс қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тілеп, халық қалаулыларына алғыс білдірді.