ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың қыркүйек айының 3 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс қаласы әкім орынбасары Р.Айтбаева, Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Жазғы демалыс кезінде өзенге, көлге шомылу тәртібінің 2025 жылда жолға қойылуы туралы есебі»
  2. «Қожатоғай ауылдық округі әкім аппаратының 2025 жылы атқаратын жұмыстары туралы есебі»
  3. «KAZAK REAL STROI ЖШС-нің 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы»
  4. ««Базар» ЖШС-нің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылда халыққа қызмет көрсету мақсатында Орталық базар мен мал базарында атқарылатын жұмыстары туралы»

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.