Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті

Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті

Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті

29 шілде 2025 жылы Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті.

Сессияны қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді.

Сессия жұмысына ауыл әкімдері, Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/159 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді мұқият қарап, өз пікірлерін білдіріп, нақты сұрақтар қойды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Сессия соңында мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жиналғандарға алғыс айтып, ауылдық округтерді дамытудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.