АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 33 СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
2025 жылғы 27 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының отырысына қала әкімі Қ.Маңқараев, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді. Сессияда Арыс қаласы әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының Арыс қалалық және ауылдық округтік бюджетінің 2024 жылғы атқарылуы туралы, Жер қатынастар бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Одан бөлек, Арыс қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тілеп, халық қалаулыларына алғыс білдірді.