
Агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2026 жылғы 25 маусымдағы №54 бұйрығына сәйкес «Бейнеу» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылды.
Бұған Ұлттық Банкке есептілікті бірнеше рет ұсынбау, ҚР заңдарының, сондай-ақ уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу негіз болды.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.
Қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге, оның ішінде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде олардың қолданылу мерзімін ұзартуға қарыз алушының келісімімен және шарттың қолданыстағы талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз ететін шарттарға ғана жол беріледі.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы