
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Павлодар қаласында өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 16.06.2026ж. № 3 бұйрығына сәйкес «LOMBARD 333 TM» ЖШС-ның (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрды.
Бұған ҚР «Микроқаржы қызметі туралы» Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұзу негіз болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбардтың клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Ломбардтың алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірлері : +7 (7182) 650 225 , ішкі: 6104, 6100