Цифрлық қаржы активтері нарығындағы әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары туралы

Цифрлық қаржы активтері нарығындағы әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Цифрлық қаржы активтері нарығындағы іс-әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 88 қаулыны қабылдады

Цифрлық қаржы активтері нарығындағы іс-әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулымен цифрлық қаржы активтері нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттары бекітіледі.

Атап айтқанда, көрсетілген субъектілердің айла-шарғы жасауларын  анықтау мәніне, оның ішінде мәмілелер жасасу және бағаға, өтімділікке, сұранысқа, ұсынысқа және сауда-саттық көлеміне әсер ететін өтінімдер беру, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері туралы жалған немесе қате түсінік беретін ақпаратты тарату арқылы мониторингтеу және талдауға жататын іс-қимылдар тізбесі айқындалады.

Сонымен бір мезгілде көрсетілген әрекеттер айла-шарғы деп танылмайтын жағдайлар белгіленеді.

Бағаның, сұраныстың, ұсыныстың және цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық көлемінің ауытқу өлшемшарттары, сондай-ақ көрсетілген өлшемшарттарды қолдану кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қойылатын талаптар белгіленеді.

Қаулымен сондай-ақ айла-шарғы жасау белгілері анықталған кезде уәкілетті органға есептілік ұсыну, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі белгіленеді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz