
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2026 жылғы «13» мамырдағы №35 бұйрығына сәйкес, «Отырарауылнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бұзу негіз болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының жаңа микрокредит беру шарттарын жасасуына тыйым салуға алып келеді, оның ішінде қолданыстағы микрокредит беру шарттарының мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар кредиттік серіктестік клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, кредиттік серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы