Капитал нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне капитал нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Капитал нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне капитал нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (бұдан әрі – Консультативтік құжат және Заңдардың жобалары) әзірледі.

Консультативтік құжат Қазақстан Республикасының қор нарығын одан әрі дамытуға жүйелі тәсілдерді қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін дайындалды.

Консультативтік құжат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес  әзірленді және Заңдардың жаңа жобаларын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтиды.

Консультативтік құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz