Қаржы нарығын реттеу және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері  бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 20 сәуірдегі №74 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  қаржы  нарығын реттеу  мен  дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы №259-VIII Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы цифрлық активтердің түрлерін нақтылайтын және ұғымдық аппаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіретін редакциялық түзетулерді көздейді. Сондай-ақ, 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, құжатпен банк шотын ашу кезінде іскерлік қатынастар қашықтан орнатылған жағдайда клиенттерді биометриялық аутентификациялау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының рөлі нақтыланады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz