
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 20 сәуірде «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №72 қаулыны қабылдады.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 28-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулымен банктің және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк филиалының инвестициялық қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітіледі.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz