Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы
2026 жылғы 31 наурызда «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 29 қаулыны қабылдады.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы жаңа Заңның күшіне енуіне байланысты қабылданды, өзекті сипатқа ие және қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні жаңартылған заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

Басқарма қаулысында:

1)     Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидалары;

2) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілген.

Қағидаларда Агенттіктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, оларды қарау мерзімдері, лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы өтініштердің нысандары, сондай-ақ тиісті лицензияның нысаны айқындалады.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін біліктілік талаптары тиісті банк операцияларын жүзеге асыруды бастау үшін орындалуы қажет ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларға, сондай-ақ ұйымның басшы қызметкерлері мен оның акционерлерінің мінсіз іскерлік беделіне қойылатын талаптарды қамтиды.
Бұдан басқа, көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі белгіленеді.

Қаулыны қабылдау Банктер туралы заңның нормаларын іске асыруға бағытталған және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz