Тарату комиссияларының ұсынатын есептері мен қосымша ақпараттың нысандары, мерзімдері және кезеңділігін бекіту туралы

Тарату комиссияларының ұсынатын есептері мен қосымша ақпараттың нысандары, мерзімдері және кезеңділігін  бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 1 сәуірде «Ерiктi түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктер, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары тарату комиссияларының есептерді және қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн бекіту туралы» №47 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 115-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларын және 130-бабын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулымен ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары тарату комиссияларының ұсынатын есептері мен қосымша ақпаратты беру нысандары, мерзімдері және кезеңділігі белгіленеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz