Қазақстан Республикасының банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарын ерікті түрде таратудың ерекшеліктері бекітілді

Қазақстан Республикасының банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарын ерікті түрде таратудың ерекшеліктері бекітілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасымен 2026 жылғы 3 сәуірде «Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы» №46 қаулы қабылданды.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 117-бабының 5-тармағына және 129-бабының 4-тармағына іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулымен банктерді ерікті түрде таратуды және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізу ерекшеліктері белгіленген.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz