Қаржы секторының басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім беру қағидалары туралы

Қаржы секторының басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім беру қағидалары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 3 сәуірдегі №42 қаулымен «Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын,  халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы» қаулы қабылдады.

Жоба «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 9-4-бабын іске асыру шеңберінде әзірленді. Құжатта қаржы нарығының барлық субъектілері үшін басшы қызметкерлердің келісімі бойынша тәсіл біріздендірілген.

Білім беруді, мінсіз іскерлік беделді, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі мен тәжірибесін қоса алғанда, кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау тәртібі көзделеді. Сондай-ақ халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі көзделген.

Жоба уәкілетті органның мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын, сондай-ақ келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, Қаржы нарығы субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібі бойынша қолданыстағы тәсілдерді сақтайды.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

 

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz