
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2026 жылғы 31 наурыздағы № 40 қаулысы қабылданды.
Қабылданған түзетулер 2025 жылы банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру жөніндегі рәсімдердің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуіне байланысты. Осыған байланысты нормативтік құқықтық актінің ережелері «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 және 23-баптарының талаптарына сәйкес келтірілген.
Қаулыны қабылдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ оны ұсыну процесін одан әрі автоматтандыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы