Ислам қаржыландыру қағидаттары бойынша басқарушыға және басқарма мүшелеріне қойылатын талаптар туралы

Ислам қаржыландыру қағидаттары бойынша басқарушыға және басқарма мүшелеріне қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 31 наурызда «Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №33 қаулыны қабылдады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 38-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулымен исламдық банктік операцияларды жүзеге асыратын, әмбебап банктік лицензиясы бар банктегі және ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшылары мен мүшелеріне қойылатын талаптары белгіленеді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz