
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеудің арнайы режимін енгізу туралы»АгенттікБасқармасының2025жылғы23желтоқсандағы№79қаулысының қабылданғанытуралыхабарлайды.
Қаулыда цифрлық активке негізделген споттық ETF-терді (Exchange Traded Funds) «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізу үшін қызметті реттеудің ерекше режимін енгізу көзделген.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №474-II «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-3-бабына сәйкес, жаңа қызметтерді енгізу және қаржы нарығын дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкестігі мен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қабылданды.
Қызметті реттеудің ерекше режимі шеңберіндегі негізгі мақсатты инвесторлар ретінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, институционалдық инвесторлар (банктер мен банк конгломераттары, инвестициялық қорлар және т.б.), сондай-ақ білікті жеке инвесторлар айқындалады.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.