«Batys Kapital» Микроқаржы ұйымы ЖШС-нің лицензиясынан айырылуы туралы

«Batys Kapital» Микроқаржы ұйымы ЖШС-нің лицензиясынан айырылуы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығының 2025 жылғы 17 қарашадағы №9 бұйрығына сәйкес «Batys Kapital» Микроқаржы ұйымы» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Лицензиядан айырудың негізі – Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып қызметті жүзеге асыруы болып табылады.

Заңға сәйкес, микроқаржы ұйымы лицензиядан айыру туралы Агенттік шешімі қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өз атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, осы сөздерден туындайтын немесе микрокредиттер беру қызметін көрсететін аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге, не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

МҚҰ лицензиясынан айырылуы қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындау міндетінен босатпайды.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері шарт талаптарына сәйкес жауапкершілік арқалайды.

 

Байланыс телефондары: +7 (725) 255-42-93, ішкі 6150; +7 (725) 255-42-83, ішкі 6152.