Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-1-тармағына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 Қаулысының талаптарына сәйкес әзірленді.

Жобамен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлері бекітіледі.

Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/912906?lang=kk.