
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Жобада мыналарға бағытталған түзетулер ұсынылады:
индекс құрылымын қайталау және жаһандық құралдарға қолжетімділікті кеңейту арқылы инвестициялық портфельді басқарудың икемділігін қамтамасыз ету үшін биржалық инвестициялық пай қорларына (Exchange Traded Fund) қатысты инвестициялардың лимиттері бойынша талаптарды алып тастау;
бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бір эмитенттің және онымен үлестес тұлғалардың қаржы құралдарына инвестицияларының лимиттерін ұлғайту;
бөлшек инвесторларға KASE-де және AIX-те айналыстағы туынды бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдарын сатып алуға мүмкіндік беру есебінен тек білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту;
брокерлер тарапынан шетелдік есеп айырысу ұйымдарының қызметтерін пайдалану жағдайларының ұлғаюына және клиенттер активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді азайтуға байланысты Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның
59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар үшін талаптарды күшейту;
анықталған құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакциялық өзгерістер енгізу.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89