Азаматтармен қарыз және микрокредит шарттарын жасасуға қойылатын талаптар көзделеді: жеке қатысу, «шешім қабылдау кезеңі», қарыз алушылардың жекелеген санаттарын қорғау

Азаматтармен қарыз және микрокредит шарттарын жасасуға қойылатын талаптар көзделеді: жеке қатысу, «шешім қабылдау кезеңі», қарыз алушылардың жекелеген санаттарын қорғау

Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысымен Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулымен:

1) банктер мен МҚҰ-ның:

- клиенттің кредит/микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуы белгіленген;

- қарыз алушы мерзімді әскери қызметке шақырылған;

- 150 АЕК-тен астам сомаға тұтынушылық кепілсіз банктік қарызды, 75 АЕК-тен астам сомаға микрокредитті онлайн ресімдеу кезінде бұрын алынған кредиттер/микрокредиттер болмаған жағдайларда жеке тұлғаға кредит/микрокредит беруден бас тарту міндетін белгілеу көзделеді. Бұл жағдайда қарыз алушы кредитордың бөлімшесіне өзі бару қажеттілігі туралы хабардар етіледі;

2) банктер мен МҚҰ-ның 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан адамдармен шарт жасасуға келісімі болған кезде ғана тұтынушылық кепілсіз кредиттер/микрокредиттер шарттарын жасасу міндетін белгілеу;

3) онлайн берілген тұтынушылық кепілсіз кредиттердің шешім қабылдау тәртібі көзделеді:

- 150 АЕК-тен 255 АЕК-ке дейінгі сомаға қарыз шарты жасалғаннан кейін кемінде 8 сағат мерзімге;

- 255 АЕК-тен асатын сомаға қарыз шарты жасалғаннан кейін кемінде 24 сағат мерзімге;

4) көрсетілген мерзім өткеннен кейін (8 сағат және 24 сағат) қарыз алушының кредит беруге келісімін алғаннан кейін ғана қарыз алушыға ақша аудару жөніндегі талап көзделеді.

Қаулы «Кейбір заңнамалық актілерге қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Заңды іске асыру шеңберінде қабылданды. 

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz