
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабы 6-тармағының 6) тармақшасын іске асыру шеңберінде «Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы» АгенттікБасқармасының 2025 жылғы 20тамыздағы № 36 қаулысын бұдан әрі –Қаулы) қабылдады.
Заңға сәйкес банктерге және банк холдингтеріне электрондық сауда алаңымен және интернет-платформалармен байланысты қызметті жүзеге асыратын қаржылық-технологиялық ұйымдардың капиталына қатысу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және биометриялық сәйкестендіру, ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және оған қызмет көрсету мүмкіндігі берілді.
Қаулыда банктер немесе банк холдингтерінің жоғарыда аталған қаржылық-технологиялық ұйымдарға инвестициялар мөлшеріне қойылатын талаптар белгіленді.
Қаулыға сәйкес банктің немесе банк холдингінің жоғарыда аталған ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшері банктің немесе банк холдингінің меншікті капиталынан бір ұйымға 5%-дан аспайды, мұндай инвестициялардың жиынтық мөлшері — банктің немесе банк холдингінің меншікті капиталынан 15%-дан аспайды.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы