2025 жылғы 1 қарашаға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-ді төмендету жөніндегі нормаларды тоқтата тұру туралы

2025 жылғы 1 қарашаға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-ді төмендету жөніндегі нормаларды тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысы құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Агенттік Басқармасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысын (бұдан әрі – Бірлескен қаулы) қабылдады.

Екінші деңгейдегі банктерге автоматтандырылған банк жүйелерін бейімдеу үшін, сондай-ақ азаматтардың ЖТСМ-нің шекті мәнін төмендету туралы норма күшіне енгенге дейін мақұлданған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуы үшін қосымша уақыт беру мақсатында, Бірлескен қаулымен 2025 жылғы 1 қарашаға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру көзделген.

Бірлескен қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz