
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және үлгілік нысанын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулымен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан (бұдан әрі – ЕЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толған және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар, бірақ оларды алуға өтініш білдірмеген азаматтар үшін БЖЗҚ мен ЕЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібін белгілеу жоспарлануда. Мұндай тәртіп міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдеріне қатысты көзделген болатын.
Бұл тетікті іске асыру ЕЗЖ бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының болу жағдайларын болғызбауға және зейнетақы төлемдерінің барлық түрлеріне тең көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде қабылданды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы