Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулыжобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.
Жобада банктер мен микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) 1000 АЕК және одан жоғары сомада кепілсіз тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге келісімін алуы, сондай-ақ мұндай келісім талап етілмейтін жағдайлар (егер жұбайы (зайыбы) қосалқы қарыз алушы ретінде әрекет етсе немесе кредит ішкі қайта қаржыландыруға жататын болса) көзделеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы