Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.

Қаулының жобасында бекітілген қаржы өнімдері бойынша қаржы ұйымдары ұсынатын мәліметтерді айқындау көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz