Егер жүргізуші ЖКО-ға кінәлі болса, ол сақтандыру төлемін ала ма?

Егер жүргізуші ЖКО-ға кінәлі болса,  ол сақтандыру төлемін ала ма?

Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) кінәлі болған жүргізуші едәуір  қаржылық шығындарға тап болуы мүмкін. Бұл ретте заңнамаға сәйкес әрбір автокөлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі (МАҚЖ) болуға міндетті. МАҚЖ полисі ЖКО-ның басқа қатысушыларына келтірілген залалды өтейді, бірақ кінәлінің өз көлігінің зақымдануын өтемейді.

Ықтимал шығыстарды азайту және жеке көлік құралын қалпына келтіруге сақтандыру төлемін алу үшін ерікті автосақтандыру полисін (КАСКО) ресімдеуге болады.

КАСКО полисін ресімдеу алдында оның талаптарымен міндетті түрде танысу керек, себебі шартта төлем алуға әсер ететін ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, бұл франшиза (автокөлік иесі төлейтін шығынның бір бөлігі), аумақтық шектеулер немесе жүргізушінің қасақана немесе заңсыз әрекеттері нәтижесінде көлік құралына зиян келтіру болуы мүмкін.

Маңызды: КАСКО апат кезінде жарамды болуы тиіс, құжаттар дұрыс ресімделуі керек және сақтандыру компаниясын ЖКО туралы жедел хабардар ету қажет. Қате көрсетілген немесе толық емес деректер төлеуден бас тартуға негіз бола алады.

Бұл әсіресе жаңа немесе қымбат көліктердің иелеріне қатысты, себебі  ЖКО орын алған жағдайда оларды жөндеу құны жоғары болуы мүмкін.

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz