2025 жылғы наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер, тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және олардың борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2025 жылғы наурызда Агенттік қаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14 357 жолданымын қарады, бұл 2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда 15,0%-ға көп.
Жолданымдардың ең көп үлесі – жолданымдардың жалпы санының 53,5%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 36,8%-ын, коллекторлық агенттіктердің 4,8%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,0%-ын, өзге ұйымдардың 3,8%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 0,1%-ын құрады.
2025 жылғы наурызда Агенттік 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 86 хаттама бойынша жалпы сомасы 924 мың теңгеге 2 әкімшілік жаза, оның ішінде:
- банктерге қатысты 2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша жалпы сомасы 786,4 мың теңгеге 1 әкімшілік жаза;
- сақтандыру ұйымдарына қатысты 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын;
- коллекторлық агенттіктерге қатысты 137,6 мың теңге сомасына 1 хаттама бойынша 1 әкімшілік жаза қолданды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктер 206,1 млрд теңге сомаға 32,8 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,0 млрд теңге сомаға 15,8 мың валюталық ипотекалық қарызды конвертациялауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды конвертациялау /қайта қаржыландыру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктер ХӘОТ санатындағы 10,6 мың қарыз алушыға 94,6 млрд теңге сомасына қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қосымша көмек 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ қарыз алушының банктің балансындағы жалғыз баспанасын меншігіне қайтару түрінде көрсетілуде.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы