Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.
Жоба төмендегідей ережелерді қамтиды:
- 30 күннен артық төлем мерзімі өткен, тиімсіз қайта құрылымдау (кейін мерзімі өтіп кеткен немесе берешек сомасы төмендемеген қайта құрылымдау), соңғы 36 айда кешірілген қарыздар бар кезінде қарыз беруге, сондай-ақ 5 жылдан астам мерзімі бар кепілсіз тұтынушылық қарыз беруге, тыйым салуды енгізу;
- 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша БЖК-ның ең жоғары мәнін 0,25-ке дейін, сондай-ақ соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар үшін шектеу;
- 3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды 350% деңгейде тәуекел-саралауды қамтамасыз ету.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы