Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Euroclear және Clearstream сияқты жетекші халықаралық есеп айырысу ұйымдарына Қазақстанның орталық депозитарий жүйесіндегі номиналды ұстау шотында ескерілетін өз клиенттерінің қазақстандық бағалы қағаздарына меншік құқығын растауға мүмкіндікберугебағытталғанережелердіенгізукөзделеді.Осытүзетулерді іске асыру бейрезиденттердің қазақстандықбағалықағаздарменоперацияларғақолжетімділігінкеңейтуесебіненқазақстандыққорнарығыныңдамуынаоңәсер етеді.
Сонымен бірге жобада клирингтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, клирингтік ұйымның бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау ұсынылады. Бұл клирингтік ұйымның өз функцияларын орындауының тиімділігін арттыруға және қазақстандық қор нарығында мәмілелердің орындалуына кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ орталық депозитарийге кастодиандыққызметтіжүзеге асыру бойыншаөкілеттіктер берілуіне байланысты, орталықдепозитарийдіңкастодиандыққызметтіжүзеге асыруының шарттарыменерекшеліктерінайқындауүшінтүзетулерұсынылады.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89