Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша НҚА-ге өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша НҚА-ге өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының бастамасымен әзірленіп, енгізілетін өзгерістер келесі мақсаттарға бағытталған:

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру;

- Интернет-ресурстарды акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының жылдық қаржылық есептілігін жариялауға рұқсат етілген ресурстар тізбесіне қосу;

- Облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қор биржасының ресми тізімінде «Қарыздық бағалы қағаздар буфері» сегментін жеке санат ретінде бөлу.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz