БАӘ-нің қаржы ұйымдарымен өткен кездесулер туралы

БАӘ-нің қаржы ұйымдарымен өткен кездесулер туралы

Біріккен Араб Әмірліктеріне (26-27 наурыз) жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова және Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Abu Dhabi Global Market (ADGM) халықаралық қаржы орталығы және Abu Dhabi Securities Exchange (ADX) қор биржасы реттеушісі басшылығымен кездесулер өткізді.

БАӘ-нің Бағалы қағаздар және тауарлар жөніндегі реттеушісімен кездесу барысында тараптар Қазақстан қор биржасы (KASE) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) биржасында БАӘ-нің Tabadul цифрлық биржалық сауда платформасы арқылы жүргізілген сауда нәтижелерін қарастырды. Сондай-ақ БАӘ-нің Виртуалды активтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы басшылығымен цифрлық қаржы активтерін реттеу және блокчейн технологияларын дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті.

АХҚО басшылығымен бірге Абу-Даби (ADGM) және Дубай (DFSA) қаржы орталықтарының әкімшіліктерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда халықаралық қаржы орталықтарын реттеу тәсілдері, сондай-ақ осы орталықтардың юрисдикциялары аясында операциялар жүргізу және өзара есеп айырысу мәселелері талқыланды.

Абу-Даби қор биржасымен кездесу қорытындысы бойынша тараптар капитал нарықтарында инфрақұрылымды дамыту және биржалық нарықтағы сауда құралдарының өтімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Mubadala инвестициялық холдингі және First Abu Dhabi Bank арасында Қазақстанмен инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективалары бойынша, сондай-ақ BCG және Microsoft жетекші халықаралық компанияларының аймақтық кеңселерімен Қазақстанның қаржы нарығында жасанды интеллектті белсенді дамыту үшін инфрақұрылым құру мәселелері бойынша кездесулер өтті.