«Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірлеу бойынша

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын (бұдан әрі - Заң жобалары) әзірледі.

Заң жобалары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат Тұжырымдамасының 3-бағытының 38-тармағын орындау шеңберінде әзірленді. Оған сәйкес ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту және оны үздік халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру көзделген.

Заң жобалары «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және ішкі әрі шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасауға, біліктілігі жоқ инвесторлардың мүдделерін қорғауды жақсартуға және инвестициялық қорлардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Заң жобаларының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

 press@finreg.kz