Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2025 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2025 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2024 жылғы 4-тоқсанда 2,1%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,0 трлн теңгені құрады (2024 жылы 17,6%-ға өсу). Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1,7 трлн теңге немесе 57,4%, кредиттік серіктестіктерге – 0,9 трлн теңге немесе 29,6%, ломбардтарға – 0,4 трлн теңге немесе 13,1% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2024 жылғы 4-тоқсанда 2,0%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылы 15,0%-ға өсу). МҚҚЖҰ микрокредиттері құрылымында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі 58,9%-ды, халыққа берілген микрокредиттердің үлесі 41,1%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілген қарыздар 2024 жылғы 4-тоқсанда негізінен микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкерлерге тұтынушылық мақсаттарға берген микрокредиттерінің есебінен 0,1%-ға 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылы 16,4%-ға өсу).

Халыққа берілген қарыздардың көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда негізінен халыққа берілген микрокредиттер құрылымында үлесіне 77% тиесілі болатын микроқаржы ұйымдары берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 4,7%-ға ұлғайып (2024 жылы 12,9%-ға өсу) 2025 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2025 жылғы 1 қаңтарда 4,5%-ды құрады (01.01.2024ж. – 4%).

2024 жылғы 4-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 0,5%-ға 2,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылы 15,9%-ға өсу). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 69,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды. Міндеттемелердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының өзге де міндеттемелерінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен жарғылық капиталдың және ағымдағы кезеңдегі  бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен 2024 жылғы 4-тоқсанда 5,2%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылы 20,9 %-ға өсу). 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

 press@finreg.kz