Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2025 жылғы 18 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап 2025 жылғы 20 наурызда сағат 18:00-ге дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Реттеушілік әсерді талдау» бөлімінде «Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының реттеушілік әсерін талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылаулар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де бейнеконференцбайланыс бойынша қосымша талқылау жүргізу туралы атап өтеміз. Қатысу үшін ағымдағы жылғы  17 наурызға дейінгі мерзімде қатысушының аты-жөні, атқаратын лауазымы және ұялы телефон нөмірі көрсетілген кандидатураны Dayana.Kazangapova@finreg.kz электрондық поштасына ұсыну қажет.

 Барлық туындаған сұрақтар бойынша +7 727 237 12 08 (6592) телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз.