Кредиттік карта – бұл банк қаражаты есебінен тауардың, қызметтің ақысын төлеуге мүмкіндік беретін құрал, яғни қысқа мерзімді қарыз. Қосымша шығындарды болдырмау үшін қарызды белгіленген мерзімде қайтару маңызды. Кредит картасын дұрыс пайдалану қаржыны үнемдеуге және тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Грейс-кезеңі – бұл белгілі бір мерзім ішінде (әдетте 30-60 күн) жұмсалған қаражатты пайызсыз қайтаруға болатын уақыт. Негізгі ереже – осы мерзім аяқталғанға дейін қарызды толық өтеу. Мысалы, егер грейс-кезең 25-і күні аяқталса, сол күнге дейін толық соманы қайтару қажет, себебі одан кейін банк пайыздар қоса бастайды.
Кредит картасынан қолма-қол ақша алу – тиімсіз операция. Банктер комиссия ұстап, бірден пайыз есептей бастайды. Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланыңыз.
Басқа карталарға аударымдар грейс-кезеңге кірмейді, яғни пайыздар бірден есептеледі. Ақша жіберу қажет болса, дебеттік картаны немесе басқа төлем әдістерін қолданыңыз.
Көптеген банктер кэшбэк, жеңілдіктер және бонустық бағдарламалар ұсынады. Кредит картасымен төлем жасау арқылы қаражаттың бір бөлігін қайтарып немесе бонус жинауға болады. Дегенмен, бонустардың есептелу шарттарын ескеріңіз.
Егер сіз қомақты сауда жасамақ болсаңыз, оны есептік кезеңнің басында жасаған жөн. Бұл қарызды пайызсыз өтеуге көбірек уақыт береді.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы