Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 6 ақпандағы №2 бұйрығына сәйкес «Ломбард СФП» ЖСШ-ін (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес Ломбард Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбард клиенттері, ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.
Байланыс нөмірлері: +7 (7212) 502-293, ішкі: 6050, +7 (7212) 559-291, ішкі: 6055