
Қазіргі кезде интернет-дүкендердің танымалдығы артып келеді. Бұл ретте қауіпсіз сауда жасау үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
Тек қорғалған (сілтеме жолында құлып белгісі және HTTPS) сайттарды пайдаланыңыз. Ұзын сандар мен күдікті таңбалардан тұратын URL-мекенжайлардан аулақ болыңыз. Алаяқтар жиі танымал интернет-дүкендердің көшірмелерін жасайды, сондықтан сайт сілтемесін және SSL сертификатын тексеріңіз.
Ашық Wi-Fi желілері арқылы сауда жасамаңыз. Қаскүнемдер ашық желілер арқылы азаматтардың дербес деректерін алуы мүмкін. Тек жеке интернет байланысты қолданыңыз. Сонымен қатар өз құрылғыңыздың қауіпсіздік жүйесін пайдаланыңыз.
Интернет-дүкендер үшін бөлек карта пайдаланыңыз, оны негізгі шоттарыңызға қоспаңыз. Төлем алдында картаға қажетті соманы аударып, шығындарға шектеу қойыңыз.
Егер сіздің гаджетіңізді балаларыңыз пайдаланса, барлық аккаунттардан шығып, қосымша қорғаныс қызметін қосыңыз (мысалы, App Store немесе Google Play арқылы растау). Сонда балаңыз кездейсоқ онлайн зат сатып ала алмайды немесе ақылы ойындарды жүктей алмайды.
Сенімді дүкендер бірнеше төлем әдісін ұсынады, соның ішінде төлемді тауар жеткізілгеннен кейін жасау. Төлем жасалғаннан кейін чек пен тапсырысты растау хатының келгенін тексеріңіз. Қорғалмаған төлем шлюздерін пайдаланатын сайттардан аулақ болыңыз.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 10 89