Есірткі құралдарының және цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін азайту жөніндегі шараларды күшейту туралы

Есірткі құралдарының және цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін азайту жөніндегі шараларды күшейту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 96 қаулысын қабылдады.

Есірткі құралдарының және цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарға[1] және Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына[2] мынадай түзетулер енгізілді:

- қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтауды автоматтандыру бойынша банктерге:

1) есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және (немесе) транзитімен;

2) тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырумен;

3) электрондық казино мен интернет-казиноның пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты қойылатын талаптар белгіленді.

- Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін төлем карточкаларының қолданыс мерзімі бойынша – 12 ай шектеулер белгіленді.

- бір клиентке төлем карталарының саны қысқартылды.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсынан және «Әділет»  ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

 

[1] «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулылары (Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18, 2020 жылғы 12 қазандағы № 95, 2020 жылғы 12 қазандағы № 96, 2020 жылғы 12 қазандағы № 97, 2020 жылғы 12 қазандағы № 98, 2020 жылғы 29 қазандағы № 105 қаулылары)

[2] «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысы