Кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және қару-жарақ айналымына қарсы іс-қимыл жасау үшін бенефициар клиенттерді сәйкестендіру жөніндегі шараларды күшейту туралы

Кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және қару-жарақ айналымына қарсы іс-қимыл жасау үшін бенефициар клиенттерді сәйкестендіру жөніндегі шараларды күшейту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 89 қаулысын қабылдады.

Клиенттердің бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бойынша шаралардың ауқымын кеңейту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарға[1] бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін өзгерістер енгізілді.

Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа көздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсынан және «Әділет»  ақпараттық-құқықтық жүйесінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

 

[1] «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік  Басқармасының 2020 жылғы  22 наурыздағы №18, 2020 жылғы 12 қазандағы № 95, 2020 жылғы 12 қазандағы №96, 2020 жылғы  12 қазандағы №97, 2020 жылғы  29 қазандағы №105 қаулылары